Алматыда тік ұшақ апатқа ұшырап, біра адам қаза тапты

kris_p_brothers
Әуе көлігінің кімге тиесілі екені анықталып жатыр.

Қаза тапқан адамның кім екені анықталды. Бұл туралы Zakon.kz. Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2019 жылы 17-қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:59 Боралдай әуежайынан шығып, Үлкен Алматы көліне қарай бағыт алған "Sky-service" авиакомпаниясының "Еврокоптер-130" тік ұшағы (борт нөмірі UP-EC038) жарты жолда апатқа ұшырады. Борт ішінде әуе кемесінің ұшқыш-командирі Шитов Валентин Викторович болған. Әу баста тірі болған ол, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға кетіп бара жатқан жолда көз жұмды. ҚР ИИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментімен тергеу жұмыстары басталды", деп хабарлады ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

17-қаңтар түстен кейін Алматыда тік ұшақ опат болды. Анықталғандай қайғылы оқиғаға тап болған әуе көлігі Үлкен Алматы көліне қарай бағыт алған екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды