Шымкентте фастфуд дайындайтын дүңгіршек өртенді

Ашық дереккөздерден
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Шымкентте жылдам тамақ дайындайтын дүңгіршектен өрт шығып, маңындағы нысандарға қауіп туғызған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін күндізгі сағат 11:30 шамасында Рысқұлов көшесі бойындағы дүңгіршіктен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Темір дүңгіршектің ішінде попкорн, гриль дайындайтын аппарат жанған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 27 адамы мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:54-те толық сөндірілді. 50 литрлік газ және оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрттің көлемі 6 шаршы метрді құрады" делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды