Түркістан облысында заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін 4 азамат ұсталды

inform.kz
Күдіктілердің қаруды қандай мақсатта сақтағандықтары анықталуда.

Түркістан облыстық ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс шарасы көлемінде заңсыз атыс қаруын сақтау дерегін анықтады. Жергілікті 4 тұрғын заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен қару-жарақ табылған. Жедел уәкілдер Түркістан облысы тұрғындарынан екі дана кесілген шолақ мылтық пен гильзаны тауып, тәркіледі. Полиция бөліміне ұсталғандар болған мән-жайды анықтау үшін жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктілердің қандай мақсатта өздерінде атыс қаруын сақтағандығы тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287 "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалып, күдіктілер қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз