СҚО тұрғыны газ баллонындағы ақау салдарынан көз жұмды

vc.md
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны газ баллонындағы ақаудан шыққан өртте көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"24 ақпан күні 21:00-де өрт сөндіру қызметіне Солтүстік Қазақстан облысы Ш.Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. Газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан газ ауамен араласып, оның арты өртке ұласқан. Үйдегі жиһаздар өртенген, жалын 12 шаршы метр ауданды шарпыған", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілері 21:37-де тілсіз жауды ауыздықтап, 21:56-да толықтай сөндірді. Апат кезінде күйік шалған 1964 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді