Лисаковскте өрттен бір адам қаза тапты

ҚР ІІМ ТЖК
Алдын ала болжам бойынша - өрттің шығуына темекі шегу кезінде оттықты дұрыс пайдаланбау себеп болған.

Лисаковскте пәтер отқа оранып, ер адам қаза тапты және тағы бір әйел адам жапа шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

11 наурыз күні кешкі сағат 20:20 өртке қарсы қызметінің пультіне Лисаковсктегі (Қостанай облысы) бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен.

- Өрт төртінші қабатта орналасқан пәтерден бастау алып, бесінші қабаттағы пәтердің балконына ұласқан. Қазыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпып үлгереді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер автобаспалдақ арқылы бес адамды құтқарып, 20 адамды қауіпсіз жерге шығарған, оның 4 бала. Тілсіз жау сағат 21:14 ауыздықталып, 22:15 түгел сөндірілді. Өрт шыққан орыннан 1968 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды және үшінші қабаттағы пәтерден жанған заттардың түтініне уланған 1923 жылғы әйел адам аурухана төсегіне таңылды, - деп хабарлап отыр ІІМ ТЖК.

Алдын ала болжам бойынша - өрттің шығуына темекі шегу кезінде оттықты дұрыс пайдаланбау себеп болған.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен үш техникасы жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек