Теміртау тұрғыны кредитін төлемеу үшін "көлігім ұрланды" деп алдады

matrica.kz
"Көрінеу жалған ақпарат" үшін 3 жылдан 7 жылға дейін жаза көзделген.

Кредитін төлемеу үшін Теміртау тұрғыны көлігін өтірік ұрлатты, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 наурызда полиция бөліміне хабарласқан 33 жастағы қала тұрғыны құны 10 миллион теңгеден асатын "Тойота Камри В2" көлігін белгісіз біреулер ұрлап кетті, деп арыз жазады.

Көлік ұрлығы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"17 наурызда автокөлік иесінің несие төлемеу мақсатында ұрлық туралы жалған ақпарат бергені анықталды. Автокөлік сап-сау күйінде табылды, – деді полицейлер".

Тергеу жүріп жатыр.

"Көрінеу жалған ақпарат" үшін ҚР ҚК 419 баптың 3 бөлігі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты