Қаламқас кен орнында шыққан өртті ауыздықтау мүмкін болған жоқ - ҚМГ

ktf.kz
Қазіргі таңда оқиға орнында 12 өрт сөндіру техникасы мен 53 адам жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнындағы өртті ауыздықтау жолдың жоқтығынан әзірге мүмкін болмай тұр. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Газды-сулы қоспаның жануы 25 наурыз күні сағат 05:46 орын алды. Оның атқылауы 16 наурызда басталған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 05:58 келіп жетті. Абырой болғандай жапа шеккендер жоқ. Сағат 14:30 қызыл жалынды ауыздықтау үшін Ақтау ҚӨҚ қосымша алты өрт сөндіру техникасы - төрт автоцистерна, бір жылжымалы насосты бекет пен газды-сулы қоспаны сөндіруге арналған бір автомобиль келді.

- Қазіргі таңда оқиға орнында Маңғыстау облыстық ТЖД, "Семсер - Өрт сөндіруші" ЖШС мен "Файр протекшн ЛТД" ЖШС 12 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 53 маманы, жұмыс істеп жатыр. Жедел штабты Маңғыстау облыстық ТЖД бастығы Базарбаев К.Б. басқаруда. Штаб құрамына "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Иманбаев Б.А., ҚМ Индустриялды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Қазақбаев С.К., КӘАҚҚ РОШ (атқылауға қарсы қызмет) Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері, "СиБу" ЖШС және т.б. кірді, - делінген ҚМГ хабарламасында.

Хабарланып отырғандай, 13 наурыз күні "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қаламқас кен орнының күрделі аймағында ұңғыма құрылысын жүргізу кезінде, кен орынның орталық аймағына тән техногенді сипаттағы газды-сулы қоспа атқылаған. Оған техногенді газдың жиналып қалуы себеп болыпты. 13-24 наурыз күндері аралығында мамандар күрделі бұрғылы сұйықтық арқылы ұңғыманы тазалау, сонымен қатар грифондарды жою үшін оқшаулау-жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды