"Нұр-Сұлтан – Алматы" рейсіне мінген мас Қытай азаматы ұшақта шу шығарды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Тым ашулы күйдегі мас Қытай азаматы ешкімді тыңдамай, өзге жолаушылардың мазасын алған.

"Эйр Астана" АҚ әуе компаниясының өкілі Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөлімшесіне "Нұр-Сұлтан – Алматы" әуе рейсінің бортында құқық бұзушы отырғанын айтып, шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік полицейлері жүргізген тексеру барысында 40 жастағы ҚХР азаматы анықталды.

Мас күйдегі жолаушы мінез танытып, шу шығарған. Өзіне айтылған ескертулерді тыңдамай, өзге жолаушылардың мазасын алды.

Медициналық сараптама оның "орташа дәрежеде" мас екенін растады. Қытай азаматы ұшақ бортынан түсірілді.

Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 440 бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша іс қозғалып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді