Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады – қаза тапқандар бар

Өскен өңір
Тікұшақ белгісіз себептермен құлап, толықтай өртеніп кетті.

2019 жылдың 27 наурызында Әскери әуе күштерінің тікұшағы құлады. Оқиға орнынан жеткен алдын ала деректер бойынша, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Zakon.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақ бортында 13 адам болған.

Ол тікұшақ төрт әскери тікұшақ звеносы құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына ұшып бара жатқан. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен тікұшақ құлаған жерге арнайы құрылған комиссия аттанды.

Төрт тікұшақтың екеуі жерге қонып, қазір Қызылорда қаласында, бір тікұшақ апат орнына оралған.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірлескен тергеуге кірісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді