Әскери тікұшақтың құлауының алдын ала себебі хабарланды

24 kz
Әртүрлі сараптамалар мен барлық қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қарулы күштерінің апатқа ұшыраған тікұшағына қатысты тергеу Бас прокурордың бақылауында. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

- Бас әскери прокуратура қазіргі таңда қылмыстық істің қозғалуы мен тергеуін бақылап отыр, - деді ол сенат жиынында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әртүрлі сараптамалар мен барлық қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

- Болып жатқан жағдай барлығы Қазақстанның Бас прокурорының назарында, - деп атап өтті Лукин.

Ол тергеудің "Ұшу ережелерін бұзу" бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін 2019 жылдың 27 наурызында ҚР ҚМ Әскери әуе күштерінің тікұшағы құлағаны хабарланған болтын.

Тікұшақ бортында 13 адам болған. Ол тікұшақ төрт әскери тікұшақ звеносы құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына ұшып бара жатқан. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, болған оқиғаға қатысты тергеуді бастауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек