Алматыда адам өліміне қатысты іздеуде жүрген күдікті ұсталды

pxhere.com
Белгілі болғандай, адам өлтірген күдікті осы уақытқа дейін қаладағы әртүрлі қонақ үйлерде жасырынып келген.

Былтырғы жылдың аяғынан іздеуде жүрген қылмыскер адам жедел уәкілдердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, адам өлтірген күдікті осы уақытқа дейін қаладағы әртүрлі қонақ үйлерде жасырынып келген.

- 1990 жылы туған К. есімді күдікті атыс қаруын қолдану арқылы адам өлтірді деген күдікке ілігіп отыр. Аталған қылмыс өткен желтоқсан айында орын алған. Тергеу барысында ер адамның қылмысты жағымсыз қарым-қатыснастың негізінде бұзақылық пиғылдардың кесірінен жасағаны анықталды. Біздің бөлімшенің қызметкерлері мен аудандық бөлімнің жедел қызметтерінің епті іс-қимылдарының арқасында қашқын қолға түсіп, тұтқындалды. Оның қатысуымен барлық қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты