Алматының "смотрящилері" болған екі кісі ұсталды

Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматыда жалған полицейлер кісі тонаумен айналысқан. Олар ұсталып, қамауға алынды.

Алматыда көшеде кісі тонаумен айналысқан жалған полицейлер "қылмыс ізі суымай" ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тонау туралы хабарға бірінші болып "Буран-173 жол-патруль полициясының экпажы" елең етті. Таңертең жұмысқа бара жатқан екі дос жігіт жолда өздерінің тоналғанын айтып берген.

– Жігіттерді тоқтатқандар өздерін полицейлер деп таныстырып, осы ауданда кісі тоналды, қазір барлық күдікті тұлғаларды тексеріп жүрміз деп алдаған. Жәбірленушілердің бірі ойланбастан өз телефонын жалған полицейге бере салған. Қызметтік куәлік көрсетуін сұрағанда, "полицейлер" өз образын "районның смотрящиіміз" деп өзгертіп, телефонды күшпен тартып алған. Бірнеше топ маңайды жіті шолуға кірісіп, әлгі жерден алыс емес тұстағы алаңқайда күдіктілер ұсталды. Жәбірленушілер оларды жазбай таныды, – деп хабарлады жол-патруль полициясы полкының командирі полиция полковнигі Манап Саттаров.

Ұсталған екі күдікті – жұмыссыз жүрген жігіттер екен. Тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам фактісі әшкереленді