Алматы – Нұр-Сұлтан тас жолында Daewoo Gentra жүргізушісі қаза тапты

zakon.kz
Mitsubishi Galant жүргізушісі мәшинеде бала-шағасымен келе жатқан екен.

10 сәуір күні кешкісін Алматы – Нұр-Сұлтан трассасының 109-шы шақырымында Daewoo Gentra мен Mitsubishi Galant автокөліктері соғысты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Mitsubishi Нұр-Сұлтан бағытында, Daewoo Алматы бағытында келе жатқанға ұқсайды.

Әзірге белгісіз себеппен Daewoo жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Mitsubishi жүргізушісі көлігін тоқтатып үлгермей, екі мәшине соғылды.

Daewoo жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Mitsubishi Galant жүргізушісі мәшинеде бала-шағасымен келе жатқан екен. Олардың бәрі дәрігерге қаралу үшін ең жақын деген аураханаға жеткізілді.

Жол-көлік апатының бар мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді