Алматы—Нұр-Сұлтан тас жолында ЖКО болып, жүргізуші ажал құшты

Zakon.kz
Mitsubishi автокөлігінде бүтін бір отбасы келе жатқан.

10 сәуір күні түнде Алматы—Нұр-Сұлтан автожолының 109 шақырымында Daewoo Gentra және Mitsubishi Galant автокөліктері қақтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, Mitsubishi солтүстік бағытта Нұр-Сұлтанға қарай кетіп бара жатқан, ал Daewoo оңтүстікке - Алматыға бағыт алған.

Әзірге белгісіз себептермен Daewoo жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Mitsubishi-ді тізгіндеген жүргізуші қақтығыстан қашпақ болып, тежегішке басады, бірақ үлгере алмайды. Автокөліктер бетпе-бет соқтығысқан.

Daewoo жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Mitsubishi автокөлігінде бүтін бір отбасы келе жатқан. Олардың барлығы тексерістен өту үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының мән-жайын жол полициясының қызметкрелері анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады