Алматыда баланы қаққан Mazda-626 жүргізушісі қашып кетті

Pixabay
Бала ауруханаға жеткізілді.

Алматыдағы Нижняя Пятилетка ауданындағы Клара Цеткин көшесінде көлік жүргізушісі бала қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Куәгерлер көргендей, Mazda-626 жүргізушісі көшеде келе жатып, жолда ойнап жүрген баланы қағып кетті.

Жүргізуші тоқтамастан келесі көшеге бұрылып кетті, содан тағы 200 метрдей жер жүрген соң көлігін сол жерге тастап, жаяу қашып кетіпті.

Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер қашқын-жүргізушіні іздестіруге кірісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды