Ақтөбеде екі адам өндірістік жарақаттан көз жұмды

aktobenews.kz
Өткен жылы 97 жазатайым оқиғадан 103 адам жарақат алып, оның 14-і қайтыс болды.

Осы жылдың алғашқы тоқсанында 16 жазатайым оқиғадан 14 жұмысшы жарақат алды. Ал екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Aktobenews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиғалар "Энергосистема" ЖШС-і мен Хромтау қаласындағы мыс-мырыш кенін шығаратын "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-де тіркелген.

"Өткен жылы 97 жазатайым оқиғадан 103 адам жарақат алып, оның 14-і қайтыс болды. Сол мәселе бойынша еңбек инспекторлары тиісті тексерулерді де жүргізді. Сараптамалар жасалып, құжаттар ішкі істер органдарына тапсырылған болатын. Нәтижесінде 67 қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше адам жауапкершілкке тартылды. Жыл басынан бері тіркелген жазатайым оқиғалар бойынша да тексерістер жүргізіліп жатыр", — дейді Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Саламат Аманбаев,

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл "Қауіпсіздік жылы" деп бекіткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз