Ақтауда жұмыс істемей тұрған автошеберханадан шыққан өрттен ер адам зардап шекті

ҚР ІІМ ТЖК Баспасөз қызметі
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына шылым тарту кезінде оттықты ұқыпсыз пайдалану себеп болған.

22 сәуір күні кешкі сағат 19:04 өртке қарсы қызметінің пультіне Ақтау қаласының 6А шағын ауданында өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт дөңгелек жөндеу шеберханасына арналып жабдықталған контейнерден шыққан. Аталған нысан біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұрған көрінеді. Жалын 32 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді. Қызыл жалын сағат 19:43 толықтай сөндірілген.

- Өрт нәтижесінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1982 жылы туған азамат жапа шегіп, ауруханаға түсті. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына шылым тарту кезінде оттықты ұқыпсыз пайдалану себеп болған, - деп хабарлап отыр ТЖК баспасөз қызметі.

Тілсіз жаумен күреске жеке құрамның 12 маманы мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды