Алматы облысының полицейлері екі жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алматы облысының аумағында қылмыстық әрекет жасап, артынша із суытқан жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға екі жыл бұрын Қапшағай қаласында орын алған. Жаңа стадион маңында қыдырып жүрген отбасы бір топ жастың жоғары дауыста дауласып жатқанын байқайды. Көліктеріне мініп, жылдам кетіп қалуға әрекеттенген кезде екі рет мылтық атылып, бытыраның қаңғырған оғы алдыңғы орындықта отырған 10 жастағы жасөспірім қыздың басына тиеді. Ата-анасы оны жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізген.

"Осы бұзақылық дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген 1990 жылғы Талдықорған қаласының тұрғынына іздеу жарияланған. "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында күдікті Алматы қаласында ұсталып, Қапшағай қаласы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды",- деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Зардап шегуші жасөспірім дәрігерлер көмегінен кейін үйіне жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді