Қордай тас жолында апатқа ұрынған автобустың тағы бір жолаушысы көз жұмды

Facebook/ oo.osa.org
Оның жарақаты тым ауыр болған екен.

Дәрігерлер Қордай тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған автобуста болған тағы бір жүргізушінің қайтыс болғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Ол пациент бізге жол апатынан кейін аса ауыр жағдайда жеткізілді, комада жатты, алған жарақаттары өмір сүруіне мүмкіндік бермей, ол қайтыс болды, – деп хабарлады Алматыдағы 7-ші қалалақ аурухана өкілдері.

Апат салдарынан 12 адам көз жұмды - 8 адам оқиға орнында, 4 кісі ауруханада.

20 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы – Ташкент тас жолының 181-ші шақырымында Toyota Camry көлігі бір бағытта келе жатқан жүк көлігімен соғысқан. Тас жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі оларды айналып өтемін деп автобусты аударып алды.

Автобус ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған. Қордайдағы жол апаты ісі бойынша автобус жүргізушісі қамауға алынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі