Алматы облысында бір тәулік ішінде есірткіге қатысты жеті қылмыс әшкере болды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Заңсыз айналымнан тәркіленген әртүрлі есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 350 килограмды құрайды.

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекшілік тәулік ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 7 күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Арнайы рейд барысында бір күн ішінде есірткінің заңсыз айналысына қатысы бар жеті тұлға анықталды. Олардан марихуана және гашиш сынды есірткі тәркіленді. Аталған деректер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлап отыр облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметі облыс аумағында есірткі сатуды кәсіп қылған 20 астам қылмыскерді анықтап, жолын кесті. Заңсыз айналымнан тәркіленген әртүрлі есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 350 килограмды құраған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз