Алматыда 29 жастағы қыз көпірден секірді

anews.com
Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Алматыда 29 жастағы қыз көпірден секіріп, өзін өлтірмек болды. Өлімге бас тіккен ару таң ертең жұмысқа асыққан нөпір көліктің алдына құлап түскен, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Құдай сақтап, қыз тірі қалыпты.

Бейнежазбада жүргізушілер асфальтта жатқан адамды айналып өтсе, көлігін жолға қаңтарған кейбірі жанұшыра көмек қолын созып жүр. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызды Алматы көпсалалы клинкалық ауруханасына жеткізген. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полициядағылар бұл оқиғаның жай-жапсарын анықтауға іске кірісіпті.

Ал денесі бірнеше жерден сынған Алматы облысының тумасы енді-енді есін жия бастаған. Бірақ дәрігерлер жан сақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы әлі де ауыр дейді.

Жандос Дәулетбеков, анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі:

- Бірнеше жерінде сынық бар. Сегізкөзі, шат сүйегі сынған. Денесі айтарлықтай зақымданған. Сондықтан біраз уақыт ауруханада жатууына тура келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды