Алматыда есірткі сақтаумен және сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды

Қаланың әртүрлі бөлігінде есірткімен күрес қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын таратқан күдіктілерді ұстады.

Алматыда есірткі сатушыларды ұстау бойынша екі арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың әртүрлі бөлігінде есірткімен күрес қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын таратқан күдіктілерді ұстады. Құрықтау шаралары екі түрлі дерек бойынша жүргізілген.

Операциялардың бірі Әуезов ауданындағы гараж кооперативінің аумағында өтті. Шара барысында гашиш есірткі затын сақтап, оны сұрыптаумен айналысқан 25 жастағы Ресей азаматы ұсталды.

- Фигурант жалпы салмағы 1 кг 906 граммды құрайтын, тұтынушылар шеңберінде "шаң", "орталық" деп аталатын өсмдік затын екі литрлік 4 пластикалық бөтелкеге салып, автокөлік дөңгелдектеріне жасырыпты. Сонымен қатар, оларды полиэтиленді түйіншектерге орап, бөлшектеп қойған. Күдікті шегуге арналған өсімдікті сатумен айналысқан. Бұдан бөлек, аталған орында оларды шегуге арналған қолдан жасалған құрылғы табылды. Қазіргі таңда ұсталған азамат Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. ҚР ҚК 297 - есітркі заттарын заңсыз өңдеу, сату мақсатында сақтау бабына сәйкес сот алды тергеу аясында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы ПД Есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы подполковник Талғат Беркенбаев.

Ал Жетісу ауданында полицейлер үйінде героин сақтаған 54 жастағы ер адамды ұстады.

- Ішіне сарғыш түсті, түйіршік тәрізді зат салынып, сары скотчпен оралған полиэтиленді түйіншек шкаф ішіне жасырылған. Күдікті бұған дейін есірткіге қатысты қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Біздің көріп отырғанымыздай, оған бұл сабақ болмапты. Г. есімді азаматтың үйінен табылған героиннің жалпы салмағы 212 граммды құрап отыр, бұл дегеніміз аса ірі көлем деп саналады. Ұсталған азамат Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты да ҚР ҚК 297 бабына сәйкес сот алды терегеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп сөзін түйіндеді подполковник Беркенбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: