Құлжа тас жолында жаяу адам автокөлік астына түсіп ажал құшты

Zakon.kz
Оқиға жолдың жарықтандырылмаған аумағында орын алған.

"Алматы-Көкпек-Жонжы-Көктал-Қорғас" тас жолының 46 шақырымында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Mitsubishi Galant автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол шамамен сағатына 70-90 шақырым жылдамдықпен жүріп бара жатқан. Кенет, ол Еңбек ауылына жетпей жолдың ортасына жүгіріп шыққан адамды байқап қалады. Жүргізуші дереу тежегішке басқанымен тым кеш болып, ол жаяу адамды жаншып өткен.

Айта кеткен жөн, жолдың осы тұсы мүлдем жарықтандырылмаған.

Жаяу адам алған жарақаттардың нәтижесінде тіл тарпай кетті. Марқұмның өзімен бірге құжаттары болған, ол 1981 жылғы азамат болып шықты.

Жол полициясының қызметкерлері ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды