Ұшаққа найзағай түскен – Шереметьеводағы апат себептері аталды

sledcom.ru
Негізгі нұсқа – ұшаққа найзағай түсіп, содан кейін ұшақтың автоматикасы істен шыққан.

Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы бірнеше себепке байланысты апатқа ұшырауы мүмкін. Олардың арасында ұшқыштар мен диспетчерлердің біліктілігінің төмендігі, ауа райының қолайсыздығы және техникалық ақаулар бар.

Бұл туралы журналистерге РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко хабарлады, деп жазады Қазақпарат.

Оның айтуынша, Шереметьевода оқиға болған жерде өткен шұғыл жиналыс барысында Александр Бастрыкин апатқа алып келген барлық себептер мен жағдайларды, барлық тұлғаларды анықтауды тапсырған.

Бұған дейін ТАСС-қа құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, төтенше жағдай себептерінің негізгі нұсқасы – ұшаққа найзағайдың түсуі.

"Негізгі нұсқа – ұшаққа найзағай түсіп, содан кейін ұшақтың автоматикасы істен шыққан. Қонған кезде, алдын ала дерек бойынша, ұшып-қону жолағына екі рет соғылып, кейін жана бастаған", - деді дереккөз.

Оның айтуынша, найзағайдың түскенін экипаж бен жолаушылар растаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі