Ақтөбеде жеті бірдей саяжай өртке оранды

aktobenews.kz
Қызыл жалынның екпіні қатты болғаны соншалық өрт сөндірушілер екі күн бойы сөндіру жұмыстарын жасады.

Ақтөбе қаласының Кірпішті елді мекенінде 40 га жер қызыл жалынның астында қалды. Өрт оқиғасы кезінде 37 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz Aktobenews.kz басылымына сілтеме жасап.

Қызыл жалынның екпіні қатты болғаны соншалық өрт сөндірушілер екі күн бойы сөндіру жұмыстарын жасады.

"Өрттің қай жақтан шыққаны белгісіз. Үйде үш адам құрылыс жұмыстарын жасап жаттық. Өртті көргенде бәрін тастай қаштық. Үйімнің төбесін 2 күн бұрын ғана жапқан едік. Енді бәрі жарамсыз болып қалды", - дейді тұрғын Берік Ақшолақов.

Өрт сөндіру қызметі саяжайдағы өртті 1 сағаттың ішінде сөндірген.

Мамандар жеті бірдей саяжай ұжымының бір мезетте қызыл жалынның арасында қалу себебін анықтап жатыр.

"6 мамыр күні сағат 13:01 шамасында Алматы ауданындағы саяжайларда құрғақ шөптің өртену оқиғасы тіркелді. Сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 150 адам, 16 техника шықты. Зардап шегушілер жоқ", - дейді ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз