Ауыр жарақат алған. Алматыда манипулятордан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Zakon.kz
Жапа шеккендер жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дәрігерлер Алматыда манипулятордың құлауы нәтижесінде жапа шеккен жаяу адамдардың жарақаттары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Үш науқас та өте ауыр жағдаймен түсті. Барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеулер шұғыл түрде жасалды. Сонымен қатар басқа да жедел шаралар жүргізілді. Олар көптеген жарақаттар алған, - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жапа шеккендер жан сақтау бөлімшесінде жатыр, олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқыс оқиға Әйгерім 1 ы/а орын алған болатын. Куәгер манипулятордың үш жаяу адамды сүріп өткенін хабарлады. Ал басқа мәліметтер бойынша, құрылғыны ұстап тұратын тіреуіштер ағытылып кетіп, нәтижесінде үш әйелдің денсаулығына зақым келтірген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды