Алматы облысында заңсыз балық аулаумен күрес күшейтілді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзған 123 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Республикалық "Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары өзге табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың 145 дерегін әшкереледі. Оның 18 фактісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқаш ауданының полицейлері балық ресурстарын қорғау инспекторларымен бірге электр тоғының көмегімен балық аулаған жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзған күдіктіден моторлы қайық, электр генераторы және ауланған балықтар тәркіленді. Мемлекетке 200 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Кербұлақ ауданының тұрғынына қатысты жойылып кету қаупі бар балықты аулағаны үшін ҚР ҚК 339-бабына сәйкес іс қозғалды.

"Уылдырық шашу" іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзған 123 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 млн 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен бірге, құқық бұзушылар мемлекетке келтірген 8 миллионнан астам материалдық шығынды сот шешімімен ел қазынасына өтейтін болады",- деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Серік Упиев.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, құқық бұзушылардан 5,5 тоннадан астам балық тәркіленіп, одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылған. Сонымен қатар, бес мың метрден астам балық аулайтын ау және 13 қайық тәркіленген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды