ҚР ҰҚК криминалды қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатудың ірі арнасының жолын кесу туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.
- 2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК "А" арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 "Калашников" автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон анықталып, тәркәленді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жерінде қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.