Арыстық баланың қайтыс болуына байланысты дәрігерлер түсінік берді

24 kz
Әйгерім Лебаеваның айтуынша, бала бүгін таңертең сағат 09:00-де көз жұмған.

Елордалық дәрігерлер Арыста жарылыс кезінде көлік астына түсіп, елордада ем алған Аян Шәріпбаевтың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бала 28 маусым күні Шымкент қаласынан елордаға жеткізілді. Ол ауыр жағдайда, түрлі дене жарақатымен келіп түсті. Баланы аман алып қалу үшін бар жағдай жасалып, мамандар жұмылдырылды. Отандық дәрігерлерден бөлек, арнайы Мәскеуден нейрохирург маман шақырылды. Осы уақытқа дейін тиісті ем-шарамен қатар, 25 шілде күні оның басына ота жасалды", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаева.

Оның айтуынша, бала бүгін таңертең сағат 09:00-де көз жұмған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Арыста жараланған 8 жасар Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз