Іле Алатауының Қырғызстан жағында қазақстандық альпинистердің бір тобы жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Альпинистер Қырғызстан территориясында жоғалғандықтан, ІІМ өз жұмысын СІМ-мен үйлестіруде. Іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хан Тәңірі шыңынан іздестіру орнына жаяу іздеушілер мінген құтқарушылардың тікұшағы аттанды.
Ондай биіктікте тікұшақтар ұша алмайды. Тікұшақ тек 4500 метрге дейін көтеріліп, ары қарай жаяу топтар шығады. Қырғызстандық әріптестерімізден көмек келеді деп үміттеніп отырмыз, деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев