Демалыс күндері 2 бала терезеден құлап кетті

pxhere.com
2014 жылы туған сәби ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан қараусыз қалған бала құлап, ауруханаға түсті.

ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, дәл осындай оқиға жексенбіде Қызылорда қаласында да болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен қараусыз қалған бала құлады. 2014 жылы туған сәби ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. Көп жағдайда балалардың терезеден құлауына ересектердің немқұрайлылығы себеп болады. Мұндай оқиғаның көбі күндіз тіркеледі", - делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

ҚР Төтенше жағдайлар комитеті төмендегі сақтық шараларын сақтауға кеңес береді: - Кішкене балаларды жалғыз қалдырмаңыз;

- Москит торына есенудің қажеті жоқ. Олар баланы құлаудан қорғауға арналмаған;

- Бөлмені желдеткен кезде баланы қараусыз қалдырмаңыз;

- Балаға үлкендердің бақылауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;

- Ұйықтап жатса да баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз;

- Барлық жиһазды, кереуеттерді, терезеден алыс қойыңыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті