Алматы облысында ауыл әкімі мен оның жүргізушісі қамауға алынды

lada.kz
30 тамызда Талғар аудандық соты жәбірленуші Галина Арзамасованың ісіне қатысты екі күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша санкция жариялады.

Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Аппазов қылмыстық істі тергеу барысында қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

- 30 тамызда Талғар аудандық соты жәбірленуші Галина Арзамасованың ісіне қатысты екі күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша санкция жариялады, - дейді департаменттегілер.

26 тамызда қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға шабуыл жасалды. Facebook қолданушысы Ирина Ким оған аудан әкімдігінің кіре берісінде біреулердің шабуылдағынын желіде жазды. Полиция қызметкерлері жедел-тергеу тобын құрып, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. 30 тамызда Панфилов ауылдық округі әкімінің және оның жүргізушісінің ұсталғаны туралы белгілі болды.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сол күні Талғар ауданының әкімдігі Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов қызметінен босатылғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды