Бір қызды 14 еркек жабылып зорлаған: адвокат Президенттен көмек сұрады

azattyq.org
Адвокат Мемлекет басшысынан бұл істі жеке қадағалауына алуды өтінді.

Заңгер Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қостанай облысы Арқалық ауданының ауылында 14 еркек жабылып зорлаған қыздың ісін жеке бақылауға алуын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Арқалық ауданында бір қызды 14 ер адам жабылып зорлаған. Зардап шегуші қыз осыдан кейін екіқабат болып, босанып та алды. Ал полиция зорлық жасаған ол адамдарды ұстаған да жоқ. Сізден осы мәселеге баса назар аударып, оның шешіміне ат салысуыңызды сұраймын. Зорлаушыларға қатысты мәселелерді, сот жүйесін де өзгерту қажет. Ол арада өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандар отыруы керек, - деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде.

Адвокат Мемлекет басшысынан бұл істі жеке қадағалауына алуды өтінді.

Сонымен қатар, Омарова Түркістан облысының Сарыағаш ауданында интернатта 13 жасар ұл баланың жыл бойына зорлық көргенін де жеткізді.

- Балалар оны "тесік" деп атаған. Ал Түркістан облысының соты зорлық жасаған баланы ақтап алды. Өйткені олар интернаттың жабылғанын қаламайды. Сізден осы мәселеге де назар аударыңызды сұраймын, - деп сөзін аяқтады ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні