Алматы облысында пойыз автобусты соқты - қаза тапқандар бар

Instagram
"Алматы-Қостанай" жолаушылар пойызы. Видеода шамалған станциясы.

Желіде алапат апаттың видеосы тарап кетті. Көлік кептелісінен көз ашпайтын станцияда толық жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты соғып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат сағат 19:20-да болды. "Алматы-Қостанай" жолаушылар пойызы 2449-шы шақырымда (Шамалған станциясы) автобуспен соқтығысты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды.

Оқиға орнына 9 жедел жәрдем мен Төтенше жағдайлар комитетінің 1 бригадасы келді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл штаб құрды.

Облыстық әкімдік жедел жәрдем көліктері жеткілікті мөлшерде болғанын хабарлады.

Оқиға орнына Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз