Шымкентте жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды

Хабар 24
Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір әйел оқиға орнында көз жұмды.

Шымкентте жолаушылар мінген автобус аударылып, бір адам мерт болды, сондай-ақ 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы таңғы сағат сегіздер шамасында Байтереков көшесі мен Астана даңғылы бойында болған. №40-шы автобус жеңіл көлікпен соғысып, аударылып қалған.

"Жол апатынан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетуде. Оқыс жағдайдан 13-адам зардап шеккен. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде. Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір әйел оқиға орнында көз жұмды" – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты