Алматылық таксист бір түріктен 15 мың теңге алды

pixabay.com
Шетелдік азамат полицияға шығамданбаған. Бірақ ол такси жүргізушісінен чек алып қалыпты. Онда "Регион" атауындағы такси қызметінің мөрі басылған.

Түркиядан келген қонақ Алматы әуежайынан "Қазақстан" қонақ үйіне жеткізіп салғаны үшін таксиге 15 мың теңге төлеген. Бұл туралы қонақты күтіп алған алматылық Данияр Өсейінов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz InAlmaty.kz-ге сілтеме жасап.

Данияр Өсейіновтың айтуынша, түркиялық қонақ Қазақстанға бірінші рет ат басын тіреген. Соған қарамастан, ол такси қызметінің қымбаттығына қатты таң қалған.

- Таксист жол ортасына келгенде ғана бір-ақ туристке жолақысының құнын айтады. "Мұнша неге қымбат" дегенде, оған бұл түнгі тариф екені түсіндіріледі. Одан кейін, әрине ол сөз таластырмай оған 15 мың теңгені ұстатып, жөніне кетеді. Әрине, бұл жағдайға ол қатты кейіп отыр, - дейді Данияр Өсейінов.

Шетелдік азамат полицияға шығамданбаған. Бірақ ол такси жүргізушісінен чек алып қалыпты. Онда "Регион" атауындағы такси қызметінің мөрі басылған.

Ал бұл компанияның PR-қызметіндегілер чектің өзіне тиесілі емес екенін айтып, жалтарып шықты.

- Бұл чектің форматы біздікіне ұқсамайды. Логотипі мен мөрі де басқалай. Жүргізушілер осындай чекті сатып алады деп естігенмін, - дейді компанияның PR менеджері Николай.

Белгілі болғандай, "Регион" такси қызметкерлері жеке тексеру жүргізіп, үш күн бұрын тұтынушысына осындай жалған чек берген жүргізушіні тапқан.

- Біз бұл фактіні тіркеп, ішкі істер органдарына тапсырдық. Жүргізушілердің бұл чектерді қайдан сатып алатынын білмейміз, енді оны құзырлы орган анықтайды, - деді Николай.

Компания өздеріне келіп түскен шағымдар көбейіп кеткеннен кейін жеке тексеру жүргізуге мәжбүр болыпты. Күніне компанияға алданған 4-5 жолаушы хабарласады екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады