Теміртауда жол апатынан көлік ішіндегі төрт адам қайтыс болды

pixabay.com
Бір жолаушысы ғана аман қалып, ауруханаға жатқызылды.

10 қазанда Теміртау қаласынан 4 шақырым жерде, "Қарағанды-Теміртау" тас жолында "ВМW-528i" автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатып, алдын ала болжам бойынша көлік тізгініне ие бола алмай, көлік аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасынан "ВМW-528i" автокөлігінің жолаушысы, 21 жастағы бойжеткен алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орынында көз жұмса, жүргізуші мен тағы екі жолаушы Теміртау қалалық орталық ауруханасында қайтыс болды.

Сонымен қатар көлікте болған тағы да бір 21 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, терегеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылды