"Невада-Семей" антиядролық қозғалысының вице-президенті ұсталды

inbusiness.kz
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша күдікке ілінген.

Алматы қалалық полициясы қызметкерлері Невада-Семей антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаевты ұстады, деп хабарлады Sputnik.

"Иә, бұл адам қыркүйек айында ұсталған", - деп растады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Медеу ауданының криминалдық полиция басқармасы бұрын 69 жастағы Дадаевқа іздеу жариялаған. Бұл туралы ақпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Алматы. Іздеу саламыз" тобында жарияланды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша күдікке ілінген.

Тергеу мүддесі тұрғысында басқа мәліметтер жария етілмей отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Харон Дадаев 1950 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. LinkedIn іскерлік желісінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Дадаев 1989 жылдан бастап осы қозғалыстың вице-президенті қызметін атқарған. Заң ғылымдарының кандидаты.

"Невада - Семей" қозғалысын қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов құрды. Қозғалыс тарихы 1989 жылдың 25 ақпанында басталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды