Ішіп, шегіп алған 1999 жылғы жүргізуші екі адамның ажалына себепкер болды

zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 01:40-та Алматының Алмалы ауданында орын алды.

Алматыда ірі жол апатына себепкер болған BMW жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 01:40-та Алматының Алмалы ауданында орын алды. Алматы облысының тұрғыны, 1999 жылы туған BMW жүргізушісі алкогольді ішімдік пен есірткінің буында болған күйде Сейфуллин даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр көшесімен қиылыста қызылға өтіп кетті. Сөйтіп, батыс бағытта келе жатқан Audi көлігін оңдырмай соққан.

Одан кейін BMW қарсы жолға шығып, Сейфуллимен көтеріліп келе жатқан Subaru Forester мен Toyota Carina көліктерін қоса қақты.

Апат салдарынан Audi ішінде болған 1992-ші және 1993-ші жылғы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам ауруханаға түскен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-бөлігі тармағымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. BMW жүргізушісі дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы