Алматыда автобус өртеніп, таң атпай ірі кептеліс болды

Facebook/ Алматы. Что? Где? Когда?
Зардап шеккендер жоқ.

Бүгін, 24 қазанда әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД хабарлауынша, қоңырау сағат 06:45-те түскен. Бөлімшелер оқиға орнына сағат 06:53-те жетті.

Өртенген – Yutong маркалы қытайлық автобус.

Өрт сағат 06:59-да ауыздықталып, 07:04-те сөндірілді. Өртті сөндіруге 11 адам мен екі техника жұмылдырылды.

Автобус ішінде жолаушылар болған жоқ, зардап шеккендер де жоқ.

Фото: Facebook/ Алматы. Что? Где? Когда?

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты