Павлодарда бір әйел ақша ұрлап, несиесін жапқан

PxHere
Бұл отбасында күтуші бір айдан астам уақыт жап-жақсы жұмыс істеген, оның жұмысына отбасының шағымы болмаған.

Павлодарда бала күтуші өзі жұмыс істейтін отбасын тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны баласына қарау үшін күтуші іздеп, арнайы агенттіктерге хабарласқан. Сөйтіп 33 жастағы әйелді жұмысқа алған.

Бұл отбасында күтуші бір айдан астам уақыт жап-жақсы жұмыс істеген, оның жұмысына отбасының шағымы болмаған.

Бірақ бір күні әйел үй иесінің жоқтығын пайдаланып, 1000 доллар мен 500 евросын үптеп кеткен. Полиция бұл ұрлықты жасады деген күдікпен күтушіні ұстады. Әйелдің айтуынша, ол ақшаны несиені жабу үшін жұмсаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды