Павлодарда ауыр өмірден шаршаған әйел көпірден секіріп өлмек болды

Павлодар облыстық ПД
Үш баланың анасы ауыр тіршіліктен шаршап, Ертіс өзені көпірінен секірмек болған.

30 қазан күні сағат 17.35-те "ШЕП" БП-де кезекші полиция қызметкерлеріне Бауыржан Маулимбергенов жүгінді, жүргізуші белгісіз әйел көпірден секіріп түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мен өз істерім бойынша Ленин ауылына бардым, сағат 17.30 - да қалаға оралдым,- дейді Бауыржан Байдуллаұлы. Павлодар жағына қарай бара жатқан кезде, көпірден секірмекші болған әйелді байқадым. Оның ниетін түсініп, мен бірден тоқтап, оның жағына жүгірдім. Мен оған жүгірген кезде, әйел адам көпірдің шетінде отырып, секірмекші балған. Аз ауқыттың ішінде оған жақындап, артынан ұстап, жерге түсірдім. Одан алкоголь иісін сездім. Әйел жылап, оның ауыр өмірі мен шаршағанына шағымданды. Оны сабырға шақырып, содан кейін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырдым, – деді өз сөзінде Бауыржан.

Кейін, 30 жастағы павлодарлық үш кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды, бұл күні өз туыстарымен ұрысып қалып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болды.

Бауыржан Маулимбергенов 45 жаста, ол жүргізуші, өзін батыр деп санамайды, оның орнында әркім осындай әрекет жасайды деп санайды.

Облыстық полиция департаментінің басшылығы үш баланың анасын құтқарған батырды марапаттау туралы бұйрық дайындауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек