Алматы облысында әйелі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Pixabay
Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындау фактісі бойынша тергеумен Кербұлақ аудандық полициясы шұғылдануда.

Алматы облысында полиция күйеуінің қайтыс болғанын хабарлаған 55 жастағы әйелді қамауға алды. Оған кісі өлтірді деген күдік келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдегі

31 қазанда Сарыөзек ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің жан тапсырғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 1952 жылы туған еркекті өлі тапқан, оның денесінен көгерген-ісінген қанды жарақаттар байқалып, бұл факті тіркеуге алынды. Сондай-ақ оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін деп танылған оқтау табылды.

- Әйелді полиция бөлімшесіне жеткізіп, сұрақ-жауап алынды. Ол отбасылық жанжал кезінде ішімдік ішіп, масайып алған күйеуін қолымен де және оқтаумен де сабағанын айтты. Әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны қамауға алынды, - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындау фактісі бойынша тергеумен Кербұлақ аудандық полициясы шұғылдануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек