Алматы облысында бір күнде мал ұрлаған 28 күдікті ұсталды

Kavkazcenter.com
Қапшағайда полицейлер ұрланған 33 бас қойды иесіне қайтарды.

"Алматы облысының тәртіп сақшылары "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні мал ұрлығының 18 дерегін әшкерелеп, қылмысқа қатысы бар 28 күдіктіні анықтады. 60 бас мал өз иелеріне қайтарылды. Оның ішінде 45 қой, 14 сиыр және жылқы бар", - деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қапшағай қаласының полициясына жергілікті шаруа қожалықтардың бірінен 40 қойдың қолды болғаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында көрші қыстақта мал бағатын 30 жастағы азамат қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның көршісінің 40 қойын жайылымнан ұрлап, оларды Талғар ауданына жеткізгені анықталды. Полицейлер ұрланған 33 бас қойды иесіне қайтарды.

"Зардап шегушіге 1,5 миллион теңге шығын келген. Күдікті азаматтың бұған дейін мал ұрлағаны үшін бас бостандығы шектелгені және ол мерзімнің аяқталмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол Қапшағай қаласы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның бұдан өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда", - деп толықтырды полицейлер.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар деген айып тағылған 59 топ мүшелері жауапкершілікке тартылған. Олардың 181 мал ұрлығын жасағаны дәлелденген. Зардап шегушілерге 80 миллион теңгеге жуық материалдық шығын өндірілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев