Алматы облысында граната сатқандар сотталды

ҚР ҰҚК
Бір топ адамға сот үкімі шықты.

Алматы облысында РГД-5 жауынгерлік гранаталары мен оның тұтандырғышын сатумен айналысқан бір топ адамға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан топтың заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесті.

- 2019 жылдың 6 тамызында Алматы облысы Кербұлақ аудандық соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оның тұтандырғышын сатумен айналысатын бір топ адамға қатысты үкім шығарды. Топ мүшелері ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 4-бөлігі және 361-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы