Ақтауда оқушылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

видеодан алынды
Төбелес кезінде ешкім зардап шекпеген.

Ақтауда кәмелетке толмағандар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы төбелеске қатысқан жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.

- Ешкім зардап шеккен жоқ, аурухана мен емханаға ешкім түспеген. Бәрін тексердік, олардың ешқайсысы полицияда есепке тұрмаған, барлық кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына оң мінездеме берілді. Ақтаудағы ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Төбелес фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша хаттама толтырылды. Материалдар Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты