Қазақстанда мал ұрлығымен айналысатын екі қылмыстық топ ұсталды

Inbusiness.kz
Бүгінгі таңда Қазақстанда мал ұрлығымен айналысатын тұрақты қылмыстық топ жоқ - Мадиев.

Қазақстанда соңғы екі айда мал ұрлығымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мадиев, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Түркістан және Ақмола облысында екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, қылмыстық іс сотқа жолданады. Олар екі ай бұрын ұсталған", - деді Мадиев арнайы брифингте.

Ол қазір келтірілген шығын көлемін есептеліп жатқанын айтты. Әрі бұл бұрыннан келе жатқан қылмыстық топтар болып табылмайды.

"Тиісті мәліметтер алынғаннан кейін, күдіктілерді ұстау мен тергеу амалдарын жүргізу шаралары ұйымдастырылды. Бұл қылмыстық топ биылдан бастап әрекет ете бастаған. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстанда мал ұрлығымен айналысатын тұрақты қылмыстық топ жоқ", - деді ол.

Сөйтіп ол былтырғы және биылғы жылды салыстыратын статистиканы мысалға келтірді.

Былтыр 8 мың мал ұрлығы жасалса, ал биылғы бұл көрсеткіш - 3,7 мың, яғни 60 процентке төмендеуді көрсетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды