Алматы облысында кісі қағып, ізін суытқан жүргізуші полицияға өзі келіп берілді

inshymkent.kz
Күдіктіге қатысты өз еркімен берілу хатаммасы толтырылды.

Алматы облысында кісі қағып, ізін суытқан жүргізуші полицияға өзі келіп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

18 қарашада таңертең Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында Қазақстан ауылы маңында белгісіз көлік 53 жастағы жергілікті тұрғынды қағып, ізін суытқан.

- Жедел іздестіру шаралы кезінде полиция қызметкеріне Бижанов ауылының 67 жастағы тұрғыны өзінің LADA Kalina көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткенін айтқан. Күдіктіге қатысты өз еркімен берілу хатаммасы толтырылды. Күдіктіге тиесілі автокөлік қажетті сараптамалардан өткізу үшін тәркіленді, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі, яғни "Көлік құралын басқаратын адамның жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды