Қызылордада көлік аялдамада тұрған адамдарды жапырып кетті, үшеуі қайтыс болды

видеодан алынды
Көлік жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылордада Назарбаев даңғылында жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.15 шамасында Toyota CAMRY көлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылы бойымен келе жатып, Mercedes-Benz-тің бүйіріне соғылды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қақты. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық-соттық сараптама тағайындалды, - деп атап өтті облыстық полиция департаментіндегілер.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағына сәйкес, "Кісі өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

21.11.19 _________________ @kyzylordatoday

Публикация от Кызылорда / Kyzylorda (@kyzylordatoday)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі