"Бір үйдің екі баласы". Қызылордадағы жол апатына қатысты тың дерек шықты

ua.news/ru
Жол апатына кінәлі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол 20 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Қызылордада автобус аялдамасында тұрған адамдарды жапырып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

21 қараша күні таңертең шетелдік көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған адамдарды жапырып кеткен. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы екеуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болғанның екеуі – №12 мектептің бесінші және үшінші сыныбында оқитын ағалы-қарындасты оқушылар екені анықталды. Одан бөлек 42 жастағы ер адам да қайтыс болды.

1988 жылғы қыз бен 2009 жылғы жасөспірім де түрлі дене жарақатымен Қызылорда медициналық орталығына жеткізілді, қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына кінәлі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол 20 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Қызылордада көлік аялдамада тұрған адамдарды жапырып кетті, үшеуі қайтыс болды

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты